Қызылордада Ұлттық құрылтай басталды
Бүгін Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай бастау алды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Екі күнге жалғасатын келелі жиынның алғашқы күнінде төрт панельдік секция бойынша отырыстар өтеді.
Әлеуметтік-мәдени даму секциясын Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Білім-ғылым секциясын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тізгіндеді.
Күннің екінші жартысында азаматтық қоғам және экономикалық даму жайы қамтылмақ.
Құрылтайда ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелер талқыға түседі.
Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері осы күні облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралайды.