Құқықтарыңызды қорғаудағы цифрлық көмекші: Telegram «EgovKzBot2.0»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтармен өзара іс-қимыл жасауға арналған заманауи әрі тиімді құрал Telegram-бот EgovKzBot2.0-ды ұсынады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.
Бұл платформа мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану процесін барынша жеңілдету және халықтың заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған.
Ботты пайдаланудың негізгі артықшылықтары:
Сіз өтінішті кез келген ыңғайлы форматта жолдай аласыз бот смартфоннан тікелей аудио, видео және мәтіндік хабарламаларды қабылдайды, бұл әртүрлі форматтарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл сервис Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әзірлеген ресми кері байланыс арнасы.
Мәселелер онлайн форматта шешіледі, бұл мемлекеттік мекемелерге бару қажеттілігін жояды және күту уақытын айтарлықтай қысқартады.
Қазіргі уақытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті бұл ботты жедел кеңес беру үшін белсенді түрде қолданады. Егер сіз өз құқықтарыңыздың бұзылғанына тап болсаңыз немесе мемлекеттік қызметтерді жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз болса, EgovKzBot2.0 платформасын пайдаланыңыз.