Екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды

Екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Абай мен Қарағанды облысында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады,-abaidan.kz ақпарат агенттігі  kaz.inform.kz  ке сілтеме жасап

18 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

Абай облысы

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 756-1087 шақырым аралығы (Семей қаласы – Боғас ауылы);

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778-967 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы);

• «Семей – Қайнар» автожолының 8-284 шақырым аралығы (Семей қаласы – «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолына дейін);

• «Семей – Қайнар» автожолының 2-113 шақырым аралығы (Семей қаласы- РФ шекарасы);

• «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 320-941 шақырым аралығы, (Қарағанды облысы шекарасы – Боғас ауылы);

Қарағанды облысы

• «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 217-320 шақырым аралығындағы (Қарқаралы қаласы- Абай облысы шекарасы) рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 19 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр. 


#Абай облысы, #Ауа райы, #жол, #ҚазАвтоЖол