Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 34 қаралымabaidan.kz

«Анашым, қиын жағдайға тап болдым, көмектесіңіз...»

«Анашым, қиын жағдайға тап болдым, көмектесіңіз...»

Телефоннан жақын адамыңыздың дауысы естілді. Бейнеқоңырау болса, экраннан оның өз бейнесін көріп тұрсыз. «Анашым, қиын жағдайға тап болдым. Шұғыл ақша керек. Қазір аударып жіберші…» Дауысы да, түрі де өзінікі сияқты. Бірақ бұл шын мәнінде алаяқ болуы мүмкін!

Абай облысының Полиция департаменті азаматтарды жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтық схемалардан сақ болуға шақырады. Қазіргі таңда алаяқтар жасанды интеллект көмегімен адамның дауысын ғана емес, бет-бейнесін де қолдан жасап, бейнеқоңырау кезінде жақын адамыңыз болып көрінуі мүмкін. Мұндай тәсілдер адамның сеніміне кіріп, оны шұғыл ақша аударуға мәжбүрлеу үшін пайдаланылады.

Алаяқтан қорғанудың 5 жолы:

  1. Асықпаңыз. «Шұғыл ақша керек» деген өтінішке бірден сенбеңіз.
  2. Қоңырауды тоқтатып, жақын адамыңызға өз нөмірі арқылы қайта хабарласыңыз.
  3. Отбасы мүшелерімен алдын ала құпия сөз немесе сұрақ келісіп қойыңыз.
  4. Банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және парольдерді ешкімге бермеңіз.
  5. Күмәнді жағдайға тап болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.
  6.  
  7. Есте сақтаңыз: дауысын танығаныңызға да, бейнесін көргеніңізге де толық сенбеңіз. Алдымен тексеріңіз! Бір минуттық тексеру — үлкен қаржылық шығынның алдын алады.