Қазақстанда бірнеше бағыт бойынша пойыз билеттеріне 40 пайызға дейін жеңілдік жарияланды
"Жолаушылар тасымалы" компаниясы кейбір бағытта теміржол билеттерін 40 пайызға дейін арзан сатып алуға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.
Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне 40 пайызға дейінгі күзгі жеңілдіктер ұсынатынын хабарлады.
Компания мәліметінше, жеңілдіктер 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 23 қазанына дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 7 бағыт бойынша билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:
- № 9/10 "Астана – Алматы", вагон түрі: отыратын (2С). Жеңілдік: отыратын орындарға 40 пайыз.
- № 65/66 "Астана – Жезқазған", вагон түрі: турист (2Д). Жеңілдік: купелік орындарға 25 пайыз.
- № 67/68 "Астана – Өскемен", вагон түрі: турист (2Д). Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30 пайыз.
- № 77/78 "Алматы – Маңғыстау", вагон түрі: купе (2К). Жеңілдік: үстіңгі орындарға 25 пайыз.
- № 351/352 "Алматы – Өскемен", вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У). Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30 пайыз.
- № 691/692 "Атырау – Ақтөбе", вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У). Жеңілдік: үстіңгі орындарға 20 пайыз.
Күн сайын қатынайтын пойыз:
- № 11/12 "Алматы – Шымкент", вагон түрі: турист (2Д). Жеңілдік: купелік орындарға 25 пайыз.
Арзандатылған билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе вокзалдағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілерден 45 күннен 10 күнге дейін сатып ала алады. Бұл жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді бағада билет алуға мүмкіндік береді.