Көкпекті ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына 80 түп көшет егілді

Көкпекті ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына 80 түп көшет егілді

2025 жылғы 28 сәуір күні Көкпекті ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жеке кәсіпкер Виничук Владимир Викторовичтің демеушілігімен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына 80 түп көшет егілді. Оның ішінде: 40 түп - шырша, 40 түп - қайын көшеті.

​Бұл іс-шараға Көкпекті ауылындағы Көкпекті орта мектебінің және Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебінің мектеп бітіруші түлектері қатысты.

​Шара барысында Виничук Владимир Викторович мектеп бітіруші түлектерге бұл іс-шараның мазмұнын түсіндіріп, шараға белсенді қатысқаны үшін мектеп түлектеріне естелік сыйлықтар табыс етті.


#"Таза Қазақстан" акциясы, #Ұлы Жеңіске 80 жыл