Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Law and Order 588 қаралымabaidan.kz

Абай гарнизонында әскери қызметшілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай гарнизонында әскери қызметшілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

​Абай гарнизонының Әскери полиция басқармасы әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын өткізді,деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, есірткі заттарын пайдалану мен олардың заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері кеңінен талқыланды.

Абай гарнизонында әскери қызметшілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

​Іс-шараға қатысқан сала мамандары әскери қызметшілерге қолданыстағы заң талаптарын түсіндіріп, құқықтық жауапкершілік жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар әскери ортадағы тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Абай гарнизонында әскери қызметшілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

​Кездесу барысында әскери қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толыққанды жауап беріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кеңестер ұсынды.

Абай гарнизонында әскери қызметшілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

​Айта кетейік, мұндай профилактикалық кездесулер әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырып, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.