Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 1 312 қаралымabaidan.kz

Абай облысында қазақ күресінен республикалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті

Абай облысында қазақ күресінен республикалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті

Ауқымды спорттық іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 400-ге жуық палуан қатысуда. Чемпионат жасөспірімдер мен ересектер арасында ұйымдастырылды.

Абай облысында қазақ күресінен республикалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті

Жарыс барысында әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша үздік палуандар анықталып, қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті.

- Турнир өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Бүгін спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасуда. Жалпы, елімізде спортқа, оның ішінде ұлттық спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, ұйымдастырушыларға рахмет, - деп атап өтті Қазақ күресі ассоциациясының бас директоры  Дамир Бекбосынов.

Абай облысында қазақ күресінен республикалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталарымен, кубоктармен, медальдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен және қаржылай сыйақылармен марапатталатын болады. Атаулы жарыс 3-6 тамыз аралығында жалғасады.