Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Республика 1 475 қаралымabaidan.kz

Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар жүргізілді

Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар жүргізілді

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бірқатар офицерлерді қызметке тағайындау және жоғарылату туралы бұйрықтарға қол қойды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар жүргізілді

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (тыл жөніндегі) орынбасары – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы Тыл бас басқармасының бастығы полковник Рүстем Мұратбекұлы Қалықпаев ҚР Қарулы күштері Қару-жарақ бастығы болып тағайындалды.

Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар жүргізілді

Полковник Талғат Серікұлы Сыздықов Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы қызметінен босатылып, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі) орынбасары – ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының Тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы болып тағайындалды. 

Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар жүргізілді

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының өкімінде тұрған полковник Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болып тағайындалды.

Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар жүргізілді

Штаб бастығы – Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери колледжі бастығының орынбасары полковник Болат Кәрімұлы Оспанбеков осы оқу орнының басшысы болды.