Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Культура 2 813 қаралымabaidan.kz

Ұлы ақынның 180 жылдығы Абай шаңырағында бастау алды

Ұлы ақынның 180 жылдығы Абай шаңырағында бастау алды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.  Биыл ақынның мерейтойы және Абай музейінің 85 жылдығы қатар келіп отыр.

Ұлы ақынның 180 жылдығы Абай шаңырағында бастау алды

Осыған орай Абай музейінде «Абай әлемдік ойдың алыбы» мәдени-танымдық шарасы және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыбында көрме өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері мен мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері қатысты. 

Ұлы ақынның 180 жылдығы Абай шаңырағында бастау алды

Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев мерейтой өңірде лайықты деңгейде аталып өтілетінін тілге тиек етті.

Ұлы ақынның 180 жылдығы Абай шаңырағында бастау алды

«Біздің аймақ үшін Абайдың орны бөлек. Облысымыз ұлы ақынның есімін иеленгендіктен бұл мерейтой лайықты деңгейде өтетін болады. Мәдени-рухани және танымдық шараларға басымдық беріледі. Сонымен қатар, Италияда Абайдың ескерткішін ашу жоспарланып отыр», - деді ол.

Ұлы ақынның 180 жылдығы Абай шаңырағында бастау алды

Сондай-ақ, шара барысында Абай әндері шырқалып, Абай атындағы музыкалы-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзінді көпшілік назарына ұсынылды.