Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Культура 920 қаралымabaidan.kz

Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды

Семей қаласында Қала күні мерекесіне орай бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі – Арбатта өткен тақырыптық кітап көрмесі қала тұрғындары мен қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды

Көрменің негізгі мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақты білім мен парасаттылыққа баулу.

Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды

Іс-шара барысында келушілерге сан алуан бағыттағы әдебиеттер ұсынылды. Атап айтқанда, көрмеде көркем әдебиет, балаларға арналған кітаптар, энциклопедиялық басылымдар, сондай-ақ зағип және нашар көретін жандарға арналған арнайы кітаптар (брайль қарпімен жазылған және аудиоформаттағы басылымдар) қойылды.

Кітаптар төмендегідей тақырыптық бөлімдер бойынша орналастырылды:

  • «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» – кітаптың қоғамдағы орны мен құндылығын айшықтайтын әдебиеттер;
  • «Кітап – менің досым» – балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер;
Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды
  • «Ескі кітапқа – жаңа өмір» – бұрынғы басылымдар;
Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды
  • «Өлкеміздің мақтаныштары» – өңірімізден шыққан қаламгерлер мен танымал тұлғалар туралы еңбектер;
Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды
  • «Семей шежіресі сыр шертеді» – қаланың тарихы мен мәдени мұрасына арналған басылымдар.
Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды

Көрме аясында ұсынылған кітаптар негізінен Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың қорынан алынды. 

Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды

Сондай-ақ сатылымға шығарылған кітаптар да бар.

Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды

Бір айтарлығы, «Ескі кітапқа – жаңа өмір» атты көрме ерекше назар аудартты. Онда бұрынғы ескі кітаптардан түрлі фигуралар жасалған. 

Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды

Оның ішінде «Абайдың 180 жылдығы», «Тәуелсіздіккке -35 жыл» деген туындылар ерекше көз тартады. Орталық кітапхананың әдіскері Гүлнар Оразаеваның айтуынша, оқуға жарамсыз деп танылғанескі кітаптарды осылай етіп жасап, жаңа кейіпке ендіруге болады. 

«Мерекеге орай, логотип, адамдардың есімі,түрлі фигуралар жасаймын. Олар жай бүктеу және күрделі бүктеу арқылы жасалады. Күрделі бүктеу кесіп жасалатындықтан, қолдың ұсақ моторикасына пайдалы. Осы іспен айналысқаныма 2 жыл болды. Суреті күрделі болмаса, біреуін жасағанға бір күн жетеді. Күрделі болса, 2-3 күнді алады»-, дейді кітапхана әдіскері.

Қала күніне орай Арбатта кітап көрмесі ұйымдастырылды

Мұндай мәдени іс-шаралар қала тұрғындарының рухани дүниетанымын кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын оятуға ықпал ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, көрме кітапханалар қызметінің аясын кеңейтіп, оларды қоғаммен жақындастыра түсетін тиімді алаңға айналды.