Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Культура 1 610 қаралымabaidan.kz

Абай облысында «Ес-Аймақ» республикалық фестивалі өтті

Абай облысында «Ес-Аймақ» республикалық фестивалі өтті

Абай облысында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Ес-Аймақ» республикалық халықтық театрлар фестивалі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі облыстық әкімдіктің сапасөз қызметіне сілтеме жасап. Фестивальге Республиканың әр облысынан «Халықтық» атағы бар театрлар қатысты. 

Абай облысында «Ес-Аймақ» республикалық фестивалі өтті

Қатысушылар ішінде Алматы облысы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ұлытау, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Абай облысының халықтық театры бар. Фестиваль нәтижесінде «Ең үздік қойылым» – Гран-при жүлдесіне Алматы облысы, Іле аудандық «Ақши» халық театры ие болды.

Абай облысында «Ес-Аймақ» республикалық фестивалі өтті

Түрлі аталымдар бойынша,

«Үздік эпизодтық рөл» - Ұлытау облысы,  Ұлытау аудандық «Кеңгір» халық театры Қарлығаш Әбдіжәкенова;

«Ең үздік әйел адам бейнесі» - Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі аудандық «Мұрагер» халық театры Әсель Молдағалиева;

«Ең үздік ер адам бейнесі» - Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы, «Ақжар» халық театры Айдар Асаубаев;

«Үздік актерлік ансамбль» - Ақтөбе облысы, Мұғалжар  аудандық халық театры;

«Үздік режиссерлік шешім» - Қызылорда облысы, Сырдария аудандық халық театры;

«Ә.Өмірзақова атындағы арнайы сыйлық» - Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық «Дарын» халық театры;

«Т.Жүргенов атындағы арнайы сыйлық» - Абай облысы, Ақсуат халық театры.

Фестиваль Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Бақыт Беделханның «Үш бәйтерек» спектаклімен аяқталды.