Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Культура 2 526 қаралымabaidan.kz

Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Абай облысында қазақтың белгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Жалғыз арша» атты халықаралық дәстүрлі әншілер байқауы өтті,-деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, зиялы қауым өкілдері мен облыс тұрғындары қатысты.

Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Халықаралық байқауға еліміздің әр өңірінен және шет мемлекеттерден 49 қатысушы қатысты. 

Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Екі кезеңнен тұратын байқаудың жеңімпаздары Абай театрында өткен Гала-концертте өнер көрсетті.Халықаралық байқаудың әділқазылары ретінде Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, Қазақстанның өнер қайраткері Амангелді Жікенов, Қазақстанның еңб ек сіңірген қайраткері Ербол Айтбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек, ҚР мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев шақырылды.

Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқау қорытындысы нәтижесінде Бас жүлдені Мағжан Сатыбалды, бірінші орынды - Айбат Серікхан, екінші орынды - Аида Срайл, Сәулет Аманғазин, үшінші орынды - Жайдар Шунан, Нариман Әбдірахманов, Біржан Айтахметов иеленді. Ал, Нұрдәулет Жуасбеков, Біржан Бәзілжанов, Жасұлан Тәжиев, Айдос Саниязбекұлы жарыстың дипломанты атанды.

Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды
Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды
Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды
Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Музыканттар «Қызыл бидай», «Жалғыз арша» сияқты қазақтың классикалық әндерін орындады.