Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Культура 788 қаралымabaidan.kz

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауы өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауы өтті

Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» атты рухани-танымдық байқау ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты хакім Абайдың терең ойлары мен адамгершілік мұрасымен таныстыру, ұлттық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығының маңызын кеңінен насихаттау. Байқауға Абай облысының 12 қала және ауданынан келген қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шараның ашылуында Абай облысының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемағұлов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауы өтті

– «Бүгінгі байқау жас буынның әжелерінен алған тәлімін, ұлттық тәрбиенің жалғастығын көрсетеді. Абай шығармаларын жүрекпен түсініп, оның өнегесін өмірлік ұстанымға айналдыру – жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен жол ашады. Бұл – тек өнер алаңы емес, ұлттық құндылықтарды терең меңгеруге ықпал ететін маңызды орта», – деді ол.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауы өтті

Байқау үш кезең бойынша өтті.

Бірінші кезеңде немерелер Абай өлеңдерін көркем мәнерлеп оқып, ақын сөзінің терең философиясын жеткізді.

Екінші кезең – «Әже мен немере» – қатысушылардың Абайдың әндерін бірге орындауымен ерекшеленді.

Үшінші кезеңде әжелер Абайдың қара сөздерінен тағылымды үзінділер оқып, оның мән-мағынасын немерелеріне түсіндірді. Бұл кезеңдер отбасы тәрбиесінің, ұлт мәдениеті мен адамгершілік құндылықтарының ұрпақтан-ұрпаққа берілетінін айқын көрсетті.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауы өтті

Байқау нәтижесінде бас жүлдені Абай ауданының өкілдері – Сейтбадам Сәуле және оның немерелері Асхат Айша мен Асхат Айназ иеленді. 1-орын Семей қаласы атынан қатысқан Байтлеуова Райхан мен немересі Аманкелді Айкөркемге бұйырды. 2-орынды Аягөз ауданынан келген Барлыханова Қарлығаш пен немересі Думан Жандос жеңіп алды. Ал 3-орынды Курчатов қаласы мен Үржар ауданының қатысушылары – Кучукова Роза мен немересі Тұрсынбек Нұрғалым, сондай-ақ Кебіспаева Марияш пен немересі Қабдраш Айсана бөлісті.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауы өтті

Бас жүлде иегері Сәуле Сейтбадам байқауға қатысты әсерімен бөлісті.

– «Мен әжемін, Абай атамыздың қара сөздерін өзім түсініп, немерелеріме үйретіп жүрмін. Осындай тағылымды шараға қатысып, үлкен рухани әсер алдық. Жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ерекше ризамыз. Еңбегіміздің ақталғанына қуаныштымыз. Бұл игі бастама жалғасын таба берсін», – деді ол.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауы өтті
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауы өтті

Іс-шара қатысушыларға рухани азық сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосқан тағылымды байқау болды.