Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Конституционная реформа 2026 538 қаралымabaidan.kz

Жаңа Конституция жобасы аясында медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды: Болашақ дәрігерлермен кездесу

Жаңа Конституция жобасы аясында медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды: Болашақ дәрігерлермен кездесу

Бүгін 15 наурыз күні өтетін референдум қарсаңында Семей медицина университетінің студенттерімен мазмұнды кездесу өтті.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция мүшелері – Алтай Дюсупов, Зейнолла Тоқаев, Анатолий Калинкин болашақ медицина мамандарымен жүздесіп, Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді кеңінен талқылады.

Жаңа Конституция жобасы аясында медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды: Болашақ дәрігерлермен кездесу

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударылды. Әсіресе медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы, қауіпсіз еңбек жағдайлары және саланың тұрақты дамуына мемлекет тарапынан берілетін кепілдіктер сөз болды.

Жаңа Конституция жобасы аясында медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды: Болашақ дәрігерлермен кездесу

Коалиция мүшесі Зейнолла Тоқаев өз сөзінде: «Медицина қызметкерлерін конституциялық тұрғыдан қорғау 27-бапта бекітілген. Бұл норма олардың қауіпсіз әрі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай еңбек ету құқығын қамтамасыз етеді. Конституция мемлекет пен жұмыс берушілерге медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, кәсіби тәуекелдерді жүйелі түрде анықтау және азайту, сондай-ақ ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет жүктейді», – деп атап өтті. 

Жаңа Конституция жобасы аясында медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды: Болашақ дәрігерлермен кездесу

Кездесу қорытындысында қатысушылар Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді.