Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Конституционная реформа 2026 531 қаралымabaidan.kz

Коалиция мүшелері «IT және жаңа технологиялар колледжі» ұжымымен референдумды қолдау мәселесі бойынша кездесу өткізді

Коалиция мүшелері «IT және жаңа технологиялар колледжі» ұжымымен референдумды қолдау мәселесі бойынша кездесу өткізді

Кездесуге коалиция мүшелері Оралхан Сартаев, Қанат Шапатов және Думан Кенжеғазин қатысты. Олар жаңа Конституция жобасында азаматтардың онлайн құқықтарын қорғау, ақпарат алу еркіндігі, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, ІТ және жастар саясаты мәселелеріне басымдық берілетінін атап өтті. Мұндай нормалар азаматтарға цифрлық ортада қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз етеді және инновациялық жобаларды дамытуға жағдай жасайды.

Коалиция мүшелері «IT және жаңа технологиялар колледжі» ұжымымен референдумды қолдау мәселесі бойынша кездесу өткізді

Думан Кенжеғазин жаңа Конституцияның 21-бабына тоқталып, адамдардың жеке деректерін қорғау мақсатында алғаш рет «цифрлық қорғау» терминінің енгізілгенін атап өтті:

 «Қолданатын смартфондарымыз бен компьютерлерімізге барлығымыз тікелей бағыныштамыз, ал ондағы деректерді қорғау — мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Яғни мемлекет цифрлық қорғауға кепілдік береді».

Коалиция мүшелері «IT және жаңа технологиялар колледжі» ұжымымен референдумды қолдау мәселесі бойынша кездесу өткізді

Сонымен қатар, білім берудің қоғам қалыптастырудағы рөлі, мұғалім мәртебесі, инфрақұрылымды жаңарту және тәрбиелік жұмыстың маңызы талқыланды. Педагогтер өз пікірін білдіріп, жастардың қабілеті мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту үшін конституциялық кепілдіктердің маңызды екенін айтты.

Коалиция мүшелері «IT және жаңа технологиялар колледжі» ұжымымен референдумды қолдау мәселесі бойынша кездесу өткізді

Коалиция мүшелері педагогтерді 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, конституциялық өзгерістерді қолдауға шақырды.

Коалиция мүшелері «IT және жаңа технологиялар колледжі» ұжымымен референдумды қолдау мәселесі бойынша кездесу өткізді

Кездесу қорытындысы бойынша колледж ұжымы жаңа Конституция жобасын цифрлық дәуір талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыратын, технологиялық инновацияларды дамытуға жағдай жасайтын және білім беру саласындағы кепілдіктерді қолдайтын құжат ретінде бағалады.