Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 605 қаралымabaidan.kz

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысы Сарқан ауданының Тополевка ауылы маңындағы «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Ауқымды іс-шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экологиялық туризмді дамытуға, табиғи мұраны насихаттауға және әлемдік маңызға ие Сиверс жабайы алмасының табиғи қорын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Фестивальге 7 мыңнан астам адам қатысып, іс-шара аясында 50-ден астам блогер мен инфлюенсер Жетісу өңірінің туристік әлеуетін кең аудиторияға танытуға үлес қосты.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Айта кету керек, Жетісу облысы – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі саналатын Сиверс жабайы алмасының негізгі табиғи таралу аймақтарының бірі. Ғалымдардың бағалауынша, аталған бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48 пайызы осы өңірде шоғырланған. Фестиваль аясында қонақтарға гүлдеген Сиверс алма алқаптарын тамашалау мүмкіндігі ұсынылып, pleinair форматындағы суретшілер байқауы, мәдени-көпшілік іс-шаралар, ұлттық спорт ойындары, қолөнершілер көрмесі, шеберлік сағаттары және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі халықаралық шығармашылық жоба болды. Оның аясында Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Қазақстаннан келген суретшілер өз туындыларын ұсынып, көрме қорытындысы бойынша мәдени байланыстарды дамытуға және өңірдің табиғи мұрасын өнер арқылы насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Фестивальдің басты музыкалық қонақтары – қазақстандық орындаушылар Bayansulu мен Қуандық Рахым өнер көрсетіп, мерекелік кештің шырайын аша түсті. 

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енген фестиваль өңірдің туристік имиджін нығайтуға, ішкі және келу туризмін дамытуға, сондай-ақ Жетісудың бірегей табиғи әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге ықпал ететін маңызды мәдени-туристік алаң ретіндегі орнын тағы бір мәрте айқындады.