Жаңасемей ауданының әкімі Руслан Базарбаев ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, халықтың өтініштерін орындау бойынша жұмыс жоспарын талқылады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі бұған дейін ауылдық округтерді аралап, халықпен кездесті. Ұсыныс-тілектерін тыңдап, ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралады.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан халқының сұрақтарымен іс-шаралар жоспары дайындалды.
Көкентеу, Шақаман, Озерки ауылдық округтерінде тұрғындарының өтініші бойынша дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге дайындық жұмыстары басталды.
Аталған жұмыстар мемлекеттік «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Құжаттар дайын болған соң республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім жіберіледі.
Жаңасемей ауданын дамыту бағдарламасы талқыланды

Ұқсас жаңалықтар

Командирлердің қару жарақ жөніндегі орынбасарлары Семейде жиналды

Әскери ортадағы психологиялық қолдау

Өңіріміздің өркендеуі үшін бірлік пен ынтымақ болуы тиіс: Облыс әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

