Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 2 246 қаралымabaidan.kz

Семей қаласының түлектері әскери оқу орындарға түсуде

Семей қаласының түлектері әскери оқу орындарға  түсуде

Абай облысының қорғаныс істері департаменті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-оқу орындарына түсу үшін талапкерлерді шығарып салуды ұйымдастырды. Болашақ курсанттарды шығарып салу үшін жергілікті әскери басқарма өкілдері, ардагерлер, запастағы офицерлер және әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері жиналды.

Семей қаласының түлектері әскери оқу орындарға  түсуде

Сондай түлектің бірі - Абылай Исанов. Шахардағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің түлегі Алматы қаласындағыҚұрлық әскерлерінің Әскери институтына оқуға түcіп, айбынды әскери қызметші болғысы келеді. 

- Мен алдағы уақытта  Құрлық әскерлерінің Әскери институтына түспекпін. Мені артиллериялық командалық-тактикалық даярлығы мамандығы қызықтырады. Осы орайда маған әскери тәріппен қатар кемел білім дарытқан «Жас ұлан» ерлер лицейінің ұстаздарына алғыс айтуды жөн санаймын. Ертеңгі өмірімді әскери саламен байланыстырып, кез келген сын-сынақтан сүрінбей өтіп, оқытушылардың маған артқан үмітін ақтаймын деген ойдамын, - дейді жас түлек Абылай Исанов. 

Семей қаласының түлектері әскери оқу орындарға  түсуде
Семей қаласының түлектері әскери оқу орындарға  түсуде
Семей қаласының түлектері әскери оқу орындарға  түсуде

        Болашақ әскери маман иелерін   әскери білім ордаларына шығарып салу рәсіміне түлектердің ата-аналары, ақсақалдар алқасы және әскери техникалық мектеп жетекшілері қатысты. Жиынға жазушы, запастағы полковник Шаймардан Қалиақбаров  қатысып, түлектерге сәт сапар тіледі.