Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 2 177 қаралымabaidan.kz

«Қауіпсіздік мектебі» атты облыстық сайыс өтті

«Қауіпсіздік мектебі» атты облыстық сайыс өтті

Абай облысы ТЖД және білім басқармасына қарасты "Дарын" орталығы оқушылар арасында «Қауіпсіздік мектебі» облыстық сайысын өткізді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қауіпсіздік мектебі» атты облыстық сайыс өтті

14 пен 16 жас аралағындағы жасөспірімдер арасында өткен «Қауіпсіздік мектебі» жарысына облысымыздың барлық ауданының оқушылары қатысты.

«Қауіпсіздік мектебі» атты облыстық сайыс өтті

Сайыс барысында «Таныстыру байқауы», «Өрт эстафетасы»,  «Алғашқы көмек көрсету», «Газет – жарнама қалқаны» атты сынақтарда жас жеткіншектер өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, қазылар алқасына қаншалықты білімді екендерін де аңғартты.

«Қауіпсіздік мектебі» атты облыстық сайыс өтті

Мұндай жарысты өткізудегі басты мақсат – өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу. Қауіпсіздік мәселелеріне, өрт т.б. төтенше жағдайларда дұрыс  іс-әрекет жасап,  зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.

«Қауіпсіздік мектебі» атты облыстық сайыс өтті
«Қауіпсіздік мектебі» атты облыстық сайыс өтті
«Қауіпсіздік мектебі» атты облыстық сайыс өтті

«Қауіпсіздік мектебі» сайысы алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп, қатысушылар санын да көбейте беретін болады. Ұйымдастырушылар келешекте республикалық сайысқа қатысу үшін іріктеу ойындарын өткізетін боламыз дейді.