Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 1 566 қаралымabaidan.kz

«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады

«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады

Абай облысының Шүлбі кентінде «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық іріктеу финалы өтті. Әскери-спорттық ойынның финалына 70 астам мектеп оқушылары жиналып, өз аудандары мектептерінің намысын қорғады. Олар Семей, Аягөз қалалары, Абай, Ақсуат, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Мақаншы аудандарынан келген үздік командалар бақ сынасты.

«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады

«Алау» ойынының талаптары бойынша оқушылар саптық байқау, белтемірге тартылу – ұлдар үшін,   арқада жатып денені көтеру – қыздар үшін, автоматты толық емес бөлшеектеу және жинау, шығармашылық конкурс және өз елді мекенінің тарихи тұлғасы бойынша жобаны қорғау бойынша сынақтар өткізілді.

«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады

Екі күнге созылған «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы кезеңінде жекелей және командалық есепте үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мадақтама қағаздары және кубоктармен марапатталды. Үздік үштікте орындар келесідей орналасты: үшінші орын – Аягөз ауданының командасы, екінші орын – Ақсуат ауданының командасы және жүлделі бірінші орынды – Жарма ауданының командасы еншілеп, республикалық ойынға жолдаманы жеңіп алды.

«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады

Еске салайық, «Алау» әскери-спорттық ойынының республикалық кезеңі 2025 жылдың маусым айында Қарағанды облысында өтетін болады.