Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 397 қаралымabaidan.kz

Абай гарнизоны балалары «Балдәуренге» жол тартты

Абай гарнизоны балалары «Балдәуренге» жол тартты

Жыл сайынғы дәстүрге сай, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен жоспар аясында биыл да балаларды сауықтыру лагерьлеріне жіберу басталды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған сәйкес, Абай гарнизоны бойынша балалардың алғашқы легі жолға шықты.

Абай гарнизоны балалары «Балдәуренге» жол тартты

Алғашқы кезеңде Балқаш қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне 20-ға жуық бала аттанды. Сондай-ақ, кестеге сай Қонаев қаласындағы лагерьге де жолдамалар қарастырылған. Биыл «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша жалпы саны 300-ге жуық әскери қызметшінің балалары жазғы демалыспен қамтылатын болады.

Абай гарнизоны балалары «Балдәуренге» жол тартты

​Бағдарламаға 5 және 9-сынып оқушылары қатысады. Іріктеу кезінде көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға басымдық берілген. Бұл – әскери қызметшілер отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетудің нақты көрінісі.

Абай гарнизоны балалары «Балдәуренге» жол тартты

​Аталған бастама туралы пікір білдірген, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Ақмарал Ахметжанова, балалардың демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз өткізу басты назарда екенін атап өтті. Оның айтуынша, «Балдәурен» лагерлеріндегі тәрбиелік-танымдық бағдарламалар балалардың тұлғалық дамуына, патриоттық рухын нығайтуға және жаңа достар табуына зор мүмкіндік береді.

Абай гарнизоны балалары «Балдәуренге» жол тартты

​Айта кетейік, «Балдәурен» сауықтыруорталықтарында балалардың демалысы жоспарға сай кезең-кезеңімен жалғасатын болады.