Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Экономика 1 921 қаралымabaidan.kz

2023 жылы облыс орталығына 187 млрд теңге инвестиция тартылған

2023 жылы облыс орталығына 187 млрд теңге инвестиция тартылған

Облыстың экономикалық көрсеткіші қысқа мерзімде 107,5% жетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция 141,2% өсіп, 475,1 миллиард теңгені құрады. Бұл инвестицияның қомақты бөлігі, яғни 187 миллиард теңгеден астамы немесе 39,4% Семей қаласына бағытталды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қала халқымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспсөз қызметіне сілтеме жасап. 

2023 жылы облыс орталығына 187 млрд теңге инвестиция тартылған


Құрылыс саласы ең үлкен өсімді 130% көрсетті, бұл өсімнің 42% қаланың үлесіне тиді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 110,3%-ға өсті, оның 56%-ы Семей қаласында.
Өнеркәсіп өнімдері 109,2%-ға өсті, шамамен 32%-ы қала кәсіпорындарында өндірілді. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 488 миллиард теңгеге жетіп, оның 12,4% қала аумағына тиесілі.

2023 жылы облыс орталығына 187 млрд теңге инвестиция тартылған
2023 жылы облыс орталығына 187 млрд теңге инвестиция тартылған

Айта кетсек, орташа айлық жалақы 17,6% өсіп, 292,8 мың теңгеге жеткен.