Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Образование 1 303 қаралымabaidan.kz

Облыс әкімі Семейдегі №42 жалпы орта білім беретін мектепке барды

Облыс әкімі Семейдегі №42 жалпы орта білім беретін мектепке барды

Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында Семейдегі №42 жалпы орта білім беретін мектепке барып, білім ордасының ахуалымен танысты. 1974 жылы салынған бейімделген ғимаратта 287 оқушы білім алып жатыр. Мектеп жанындағы интернатта 120 бала тәрбиеленуде.

Облыс әкімі Семейдегі №42 жалпы орта білім беретін мектепке барды

Қазіргі таңда мектепте бірқатар мәселелер туындап отыр. Мектептің аумағы қоршалмаған. Аумақты қоршау үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленген. Мектеп жанындағы интернат ғимараты үш подъезден тұрады. Соның біреуінде интернат балалары тұрып жатыр. Бүгінде екеуі бос тұр. Мектеп басшылығы облыс әкіміне бос тұрған бір подьезді ашып, күрделі жөндеу жүргізіп, интернатты кеңейтсе деген ұсыныс айтып, көмек сұрады. Сонымен қатар интернат тәрбиеленушілері үшін спорт алаңы салынса деген өтініш білдірді.  

Облыс әкімі Семейдегі №42 жалпы орта білім беретін мектепке барды

Аймақ басшысы интернаттың бос тұрған және жұмыс істеп тұрған ғимараттарын аралап көрді. Облыс әкімі Семей қаласы әкімдігі мен Білім басқармасына мектептің қоршау мәселесін шешіп, интернаттың бос тұрған бөлігіне техникалық зерттеу жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырды.