Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Образование 2 174 қаралымabaidan.kz

Бұрынғы колледж ғимараты жаңғыртылады

Бұрынғы колледж ғимараты жаңғыртылады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев орынбасарлары мен Білім, Дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшыларымен бірге бұрынғы «Заман» колледжінің ғимаратында болды,-деп Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап abaidan.kz  хабарлайды. Ғимарат білім, инновация, спорт салаларын дамытуда әлеуетке ие. Алайда қазір күрделі жөндеуді қажет етеді.

Бұрынғы колледж ғимараты жаңғыртылады

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы орналасқан мекемеде 1972, 1983 және 1985 жылдары салынған үш ғимарат бар.

Ерекше атап өтетін жәйт – 2022 жылдан бастап «Дәрігерлік – дене шынықтыру диспансері» КММ жұмыс істейді.


 

Бұрынғы колледж ғимараты жаңғыртылады

Бұл дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды медициналық қызмет көрсетуге маманданған емдеу-профилактикалық мекемесі болып табылады.  Спортшылардың оңалтудан өтуіне де мүмкіндік бар.  Қазіргі таңда облыс бойынша 19 спорт мектебінің спортшылары диспансер бақылауында.

Бұрынғы колледж ғимараты жаңғыртылады

Ғимараттарды аралап көрген аймақ басшысы нысанды облыста спорт, ғылым мен технологияны дамыту үшін пайдалану қажеттігін атап өтті.

Бұрынғы колледж ғимараты жаңғыртылады

«Ғимараттың ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмегені көрініп тұр. Егер қажетті жұмыстарын атқаратын болсақ, әлі талай жылдар халыққа қызмет етері анық. Спорт залды жаңартып, балаларымыздың спортпен шұғылдануына жағдай жасай аламыз. Ал бұрынғы өндіріс цехы базасында заманауи индустриалды технопарк ашуға мүмкіндік бар. Бұл жерге қаламыздағы бірнеше оқу орындарының басын қоса отырып, креативті, озық идеялар орталығын қалыптастыруға болады», - деді аймақ басшысы. 

Бұрынғы колледж ғимараты жаңғыртылады

Облыс әкімі орынбасарлары мен басқарма басшыларына ғимаратты жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауды тапсырды.