Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Абайский район 4 054 қаралымabaidan.kz

Абай ауданында жаңа саябақ ашылды

Абай ауданында жаңа саябақ ашылды

Қарауыл ауылында Ұлжан және Шәкәрім көшесінде жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz агенттігі хабарлайды.

Абай ауданында жаңа саябақ ашылды

Кеңістікте спорттық нысандар, теннис және баскетбол алаңы, ойын мен жарыс өткізуге арналған футбол алаңы бар. Сондай-ақ саябақ түрлі іс-шараға арналған сахнамен, жаттығу жабдықтарымен қамтылған.

Абай ауданында жаңа саябақ ашылды

Абай ауданы әкімінің орынбасары Қазыбек Жанғалиев қоғамдық алаңның ашылуымен құттықтады. Саябақтың құрылысына белсене атсалысқан, ауданның дамуына үлес қосқан тұрғындар алғыс хатпен және «Абай ауданының Ел алғысы» төсбелгісімен марапатталды.